Компания туралы
«Виола» ЖШҚ – түп-тамыры фин жерінде жатқан ресейлік компания. Компания қызметінің негізгі бағыты – Мәскеу облысындағы жеке меншік жоғары технологиялық зауытта балқытылған және жартылай қатты ірімшіктерді өндіру және бөлшектеп өлшеу. Сондай-ақ компания Ленинградская, Тульская, Брянская және Мәскеу облыстарындағы серіктестердің келісім-шарттық алаңдарында жаңа сауылған сүт өнімдерін (сүт, кілегей, йогурт, қаймақ, ақ сүзбе), сүзбелі, жартылай қатты және қатты ірімшіктерді өндіреді.

Компанияның және оның Ресейдегі өнімдерінің тарихы жүз жылдан астам уақытты құрайды. Ол Ұлы Патша Николай II Сарайына финдік брендтегі жоғары сапалы сары майдың алғашқы тобы жеткізілген кезде, 1908 жылы басталған болатын. Кейін 1956 жылы Viola компаниясының өзі КСРО-да балқытылған ірімшікті алғаш импорттаған еді. Содан бері балқытылған ірімшіктер және сары май, ал артынша жартылай және сүзбелі ірімшіктер компанияның визиттік карточкасына айналды. Бірегей дайындау әдісі, финдік сапа стандарттары және кәсіби команда – «Виола» ЖШҚ өнімдеріндегі айрықша дәмнің және өзгеріссіз жоғарғы сапасының кепілі.

Қазіргі таңда компанияның өнімі Ресей бойынша: федералдық желінің әрқайсысында және еліміздің ірі онлайн-алаңдарында ұсынылған. «Виола» ЖШҚ-сы Ресейдегі және шетелдегі көптеген сауда серіктестерімен ынтымақтастық жасауда үлкен тәжірибеге ие. Компанияның өнімін тұтынушылар қалай болса, кәсіби аспазшылар – рестораторлар, кофехана және наубайхана желілерінің иелері дәл солай бағалайды.

Сүт өнімдерін жеткізуші ретінде «Виола» компаниясын таңдаудың 5 себебі:
  • 1. сапаның жоғары стандарттары, дәмдердің бірегейлігі: компанияның стандарттары сүт өнімдерін өндіруде әлем көшбасшысы болып табылатын финдік сүт концернісінің сарапшыларымен бірлесе отырып әзірленген;
  • 2. жеке меншік өндіріс: халықаралық мамандардың қатысуымен құрастырылған Мәскеу облысындағы жоғары технологиялық зауыт, кәсіпорынның максималды өндіріс қуаттылығы 15 мың тоннаны құрайды;
  • 3. Ресей нарығындағы жетекші орны: компанияның өнімдері – сүт өнімдерінің негізгі категориясында ресейлік нарықта жетекші орында;
  • 4. бүкіл әлем бойынша контрагенттер үшін сенімді серіктес: компанияның өнімі жақын және алыс шетелдерге жеткізіледі;
  • 5. жеке меншік қоймалық кешен: 6 мың. м² алаңы бар логистикалық-дистрибуциялық орталық.
Ольга Неверова
"Виола" ЖШҚ экспорт менеджері
+7 921 598 33 86 neverovao@viola.ru